ҚРҰБ ставкасы 16.04.2024
USD: 447.89 RUB: 4.79
Сайт мәзірі

Сипаттама

ТАУАРЛАР

Сауда нысаны ақ қант.

Жеткізу шарттары EXW, DDP, DAP, FCA, CPT (Incoterms 2020).

 

Өтінімдердегі тауар көлемі 1 метрикалық тоннаның еселігі болуы тиіс.

 

Тауарлардың кодтар беру тәртібі

 

 

Сауда-саттықты өткізу кезеңдері:

 

1. Сауда-саттық биржалық сауда-саттық кестесіне сәйкес бес жұмыс күні ішінде өткізіледі (биржалық сауда-саттық қағидаларының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 28-тарауының талаптарына сәйкес (2023 жылғы 07 қыркүйектегі өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2. Сауда сессиясын өткізу уақыты-Астана қ.уақыты бойынша сағат 10:00-ден 12: 00-ге дейін. Сауда күні тек бір сауда сессиясы өткізіледі.

 

3. Жалпы негіздерде биржалық сауда – саттық күн сайын-Астана қ.уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.

 

Сауда-саттық жұмыс күндері бес күндік жұмыс аптасында өткізіледі.

 

Сауда-саттықты биржа демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын өткізеді.

 

Сауда күні биржада сауда-саттық өткізілетін күн болып саналады.

 

ЭДО бойынша биржалық есептерді 17:30-дан 18:00-ге дейін тарату.

 

Астана қ. уақыты.

МӘМІЛЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ

 

ТӘУЕКЕЛ МЕНЕДЖМЕНТІ

 

ЕСЖ клирингтік орталығы қауіпсіздікті, биржалық мәмілелерді орындау тәуекелдерін төмендетуді қамтамасыз ететін және тауар нарығына қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған клирингтік қызметтерді ұсынады.

 

Биржалық мәмілелер жасасу және олар бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру схемасы.

 

Биржалық мәмілелер биржалық сауданың келесі режимдерінде өткізілетін биржалық сауда-саттық барысында жасалады: стандартты аукцион режимі, қосарланған қарсы аукцион режимі. Қосарланған қарсы аукцион (ҚҚА) режимінде және стандартты аукцион режимінде өткізілетін биржалық мәмілелер міндетті түрде биржалық қамтамасыз етуді енгізу арқылы жүргізіледі.

 

ҚҚА режиміндегі биржалық мәмілелер - бұл сауда-саттық түрі, онда мәміле тараптары клирингтік орталығына биржалық қамтамасыз етуді аударуы қажет, оның мөлшері Сатушы үшін де, Сатып алушы үшін де бірдей. Осылайша, тараптардың қатысу шарттары теңестіріледі.

 

Әрі қарай, Сатушы мен Сатып алушы бір - бірін білмей, сауда-саттыққа қатысады, олар белгілі бір тауар түріне, мысалы, бидайға өз бағаларын қояды. Тараптар тауардың сипаттамаларын біледі: жеткізу партиясының минималды көлемі, ылғалдылық, глютеннің массалық үлесі, сондай - ақ жеткізу шарттары, астық қабылдау кәсіпорындары (АҚК) және басқалар. Сатушы мен Сатып алушы белгілеген оңтайлы бағаға қол жеткізген кезде сауда жүйесінде мәміле жасалады.

Мәміле жасалған сәттен бастап бір күн ішінде Тараптар Шартқа қол қояды және оны клирингтік Орталыққа ұсынады. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Сатушы 3 күн ішінде мәміле бойынша толық төлемді клирингтік орталыққа – мәмілені орындаудың кепілі ретінде аударуға міндеттенеді. Бұл сатып алушының және сатушының құқықтары қорғалуы үшін қажет. Толық төлем клирингтік орталыққа түскеннен кейін сатушыға қантты жөнелтудің басталуы туралы 7 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге хабарлама қалыптастырылады. Дәл осы уақытта қантты жөнелту жүзеге асырылуы керек, оның расталуы Тараптар клирингтік орталыққа ұсынатын қабылдау-тапсыру актілері болады.

 

 

Сатушы мен Сатып алушы клирингтік орталыққа Тараптардың міндеттемелерді орындауы туралы және мәміле бойынша толық төлемді Сатушының банктік шотына аудару туралы хаттар жібереді. Клирингтік орталық Шарттың мерзімдері мен талаптарының сақталуын бақылауды, сондай-ақ тараптар ұсынған барлық құжаттарды мұқият тексеруді жүзеге асырады. Барлық құжаттар дұрыс ресімделіп, мерзімінде берілген кезде сатушыға ақша аударылады. Клирингтік орталық сатып алушыға Сатушының банктік шотына ақша аудару туралы хабарлама қалыптастырады және жібереді.

  

Биржалық сауда-саттық қорытындылары бойынша есептеулерді мәміле тараптары клирингтік орталықты айналып өтіп, тікелей жүргізе алады.

 

 Алайда, клирингтік орталықтың қатысуымен биржалық сауда-саттықты өткізу тіркелген мәмілелер бойынша міндеттемелерді жедел есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мәміле тараптарының міндеттемелерді орындауына кепілдік береді, сондай-ақ тауарларды сатып алу/сату кезінде кредиттік тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді.