ҚРҰБ ставкасы 13.12.2025
USD: 520.02 RUB: 6.57
Сайт мәзірі

ETC Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

25.08.2025

«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, 2025 жылғы 22 тамыздан бастап Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер орын алғанын хабарлайды.

Директорлар кеңесінің мүшелерін ротациялау – корпоративтік басқарудың маңызды бөлігі болып табылады және ол компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға және жаңа басқарушылық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.

Өз өкілеттігін аяқтағандар – Алексей Эрнестович Рыбников пен Максим Валерьевич Старынин. Биржа басшылығы мен ұжымы олардың адалдығы, кәсіби біліктілігі және компанияның дамуына қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді. Олардың қатысуымен биржаның ұлттық және халықаралық деңгейде позициясын нығайтқан бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.

Директорлар кеңесінің жаңа құрамына Алексей Николаевич Герасюк пен Айжан Нұрғалымқызы Орынбаева кірді.

Алексей Герасюк – Санкт-Петербург биржасының вице-президенті, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) түлегі. Ол жылдар бойы халықаралық қатынастар мен тауар нарығы саласында мол тәжірибе жинақтап, сауда алаңдарының инфрақұрылымын дамытуға және заманауи биржалық сауда тетіктерін қалыптастыруға қатысқан. Оның тәжірибесі ETC-ке халықаралық биржалық қауымдастыққа белсендірек интеграциялануға және үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Айжан Орынбаева – ірі холдингтер мен акционерлік қоғамдарда жиырма жылдық тәжірибесі бар заңгер. Ол «SAT & Company» АҚ, «Қазгеокосмос» АҚ және «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ компанияларында жұмыс істеп, корпоративтік құқық, шаруашылық қызметті құқықтық сүйемелдеу, корпоративтік басқару және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелерімен айналысты. Оның тәжірибесінің арқасында ETC құқықтық қолдау мен корпоративтік ашықтық саласындағы құзыреттерін күшейтеді.

АО «ЕТС» Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы:

·         Мухамедов Р.Н.

·         Оразаев К.Ч.

·         Герасюк А.Н.

·         Орынбаева А.Н.

·         Мусабаев Ж.Б.

·         Сароян К.Ф.

·         Рабай Я.

Биржа жаңа Директорлар кеңесі мүшелерінің кәсіби білімі мен басқарушылық тәжірибесі ETC-тің нарықтағы позициясын нығайтуға, жаңа сауда құралдарын дамытуға және нарық қатысушылары тарапынан сенімді арттыруға ықпал етеді деп сенеді.

ETC өз миссиясына – сауда операцияларының ашықтығын, сенімділігін және тиімділігін қамтамасыз етуге, Қазақстан мен ЕАЭО кеңістігінде заманауи биржалық қызмет стандарттарын қалыптастыруға – адал болып қала береді.