ҚРҰБ ставкасы 08.09.2026
USD: 456.56 RUB: 5.28
Сайт мәзірі

ЕТС Биржасы ықтимал алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді

10.07.2024

Бір жыл ішінде «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасының Қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментіне азаматтардан алаяқтықтың әртүрлі фактілері бойынша жүгінулердің жиілегені байқалады. Атап айтқанда, қазіргі уақытқа дейін анықталмаған тұлғалар ресми сайттан алынған мәліметтерді пайдаланып және Telegram, Whatsapp, Instagram, Facebook және т.б. әлеуметтік желілер арқылы әрекет етіп, акционерлік қоғам қызметкерлері ретінде өзін таныстырып, қаржылық операциялар жүргізу, криптовалютамен сауда жасау сылтауымен ақша қаражаттарын алдап алуда. Қазіргі уақытта ақшалай қаражатынан айырылған зардап шеккендер бар.

Осыған байланысты ресми түрде мәлімдейміз, «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы криптовалюталарға байланысты қызметті жүзеге асырмайды, сондай-ақ азаматтардың инвестициялық капиталын ұлғайту бойынша біржолғы қызметтер көрсетпейді.