ҚРҰБ ставкасы 25.05.2024
USD: 443.03 RUB: 4.91
Сайт мәзірі

РЕАГЕНТТЕРМЕН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

29.02.2024

«FB Capital» ЖШС биржалық брокері өз клиенттерінің мүддесі үшін биржалық тауар – реагенттердің сауда-саттығын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізеді.

Тауардың коды және атауы:

GNDDDFA-натрий Гидросульфиді, ШҚО DDP жеткізу шарты Аягөз ауданы;

GNDDDSB - Натрий гидросульфиді, жеткізу шарттары DDP Павлодар облысы Екібастұз қаласы.

Тауар көлемі: 6 500 тонна.

Сауда-саттықты өткізу кезеңі: 2024 жылғы 04 наурыз айынан бастап Астана қ.уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық тапсырыс берушінің сауда-саттықты жою туралы шешімі немесе жеткізушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.

Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған: 

https://ets.kz/documents/supporting-documents/spetsifikatsii-s-dogovorami-postavki-v-rezhime-dvoynogo-vstrechnogo-auktsiona/

Өнеркәсіптік тауарлармен сауда секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша ұсынылған: https://ets.kz/markets/coal/members/

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- Көмір және мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу.