АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН САТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
10.03.2026
"БНАЖ "тауар биржасы" АҚ "Азық-түлік корпорациясы "ҰК" АҚ сұрау салуы бойынша қолданыстағы биржалық құралдар бойынша Қосарланған қарсы аукцион режимінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді жүргізеді. Жыл ішінде сатудың жоспарланған көлемі 700 000 тоннаға дейін құрайды. Сауда-саттықты өткізу кезеңі:2026 жылғы 26 наурыздан бастап Астана қ.уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық Тапсырыс берушінің күшін жойғанға немесе өнім берушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда секциясының брокерлері туралы мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады: https://ets.kz/markets/agricultural_products/members/
Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасасу;
- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін БНАЖ клирингтік орталығында сауда шотының кодын ашу;
- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
- брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру.