ҚРҰБ ставкасы 04.02.2023
USD: 458.69 RUB: 6.52
Сайт мәзірі

Сипаттама

36 411 055
көлемі тоннамен
1,4 млрд.
айналым теңгемен
6 723
мәмілелер
саны
178
сауда
құралдары
2178
қатысушылар
саны

Сауда нысаны - 1, 2, 3, 4, 5 класты бидай, арпа, қара бидай, күнбағыс тұқымы, ұн, күнбағыс майы, картоп, соя, ақ қант және түйіршіктелген қант. Сондай-ақ, экспорттық келісімшарттар бойынша L,S, H класты бидай сатылады.

 

Жеткізу шарттары EXW, DAF, FOB, CPT (Incoterms 2010).

 

Өтінімдердегі тауар көлемі 1 метрикалық тоннаның еселігі болуы тиіс.

 

Қосарланған қарсы аукцион режимінде жеткізу шарттары бар спецификациясы

 

Бидай

Арпа

Қант

Күріш

Картоп

Қарақұмық жармасы

Пияз

Күнбағыс майы

Қырыққабат

Ұн

Күнбағыс

 

Сауда-саттықты өткізу кезеңдері:

Сауда-саттықты Биржа демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын өткізеді.

 

Сауда күні Биржада сауда-саттық өткізілетін күн болып саналады.

 

Сауда сессиясы 10:00 - ден 17:00-ге дейін өтеді.

 

ЭҚА бойынша биржалық есептер 17:30-дан 18:00-ге дейін таратылады.

 

Алматы уақыты.

 

 

 

МӘМІЛЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ

 

Тәуекел менеджменті

 

ЕСЖ клирингтік орталығы қауіпсіздікті, биржалық мәмілелерді орындау тәуекелдерін төмендетуді қамтамасыз ететін және тауар нарығына қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған клирингтік қызметтерді ұсынады.

 

Биржалық мәмілелер жасасу және олар бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру схемасы.

 

Биржалық мәмілелер биржалық сауданың келесі режимдерінде өткізілетін биржалық сауда-саттық барысында жасалады: стандартты аукцион режимі, қосарланған қарсы аукцион режимі. Қосарланған қарсы аукцион (ҚҚА) режимінде және стандартты аукцион режимінде өткізілетін биржалық мәмілелер міндетті түрде биржалық қамтамасыз етуді енгізу арқылы жүргізіледі.

 

ҚҚА режиміндегі биржалық мәмілелер - бұл сауда-саттық түрі, онда мәміле тараптары клирингтік орталығына биржалық қамтамасыз етуді аударуы қажет, оның мөлшері Сатушы үшін де, Сатып алушы үшін де бірдей. Осылайша, тараптардың қатысу шарттары теңестіріледі.

 

Әрі қарай, Сатушы мен Сатып алушы бір - бірін білмей, сауда-саттыққа қатысады, олар белгілі бір тауар түріне, мысалы, бидайға өз бағаларын қояды. Тараптар тауардың сипаттамаларын біледі: жеткізу партиясының минималды көлемі, ылғалдылық, глютеннің массалық үлесі, сондай - ақ жеткізу шарттары, астық қабылдау кәсіпорындары (АҚК) және басқалар. Сатушы мен Сатып алушы белгілеген оңтайлы бағаға қол жеткізген кезде сауда жүйесінде мәміле жасалады.

 

 

Мәміле жасалған сәттен бастап бір күн ішінде Тараптар Шартқа қол қояды және оны клирингтік орталыққа ұсынады. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Сатушы 3 күн ішінде мәміле бойынша толық төлемді клирингтік орталыққа – мәмілені орындаудың кепілі ретінде аударуға міндеттенеді. Бұл сатып алушының және сатушының құқықтары қорғалуы үшін қажет. Толық төлем клирингтік орталыққа түскеннен кейін сатушыға бидайды жөнелтудің басталуы туралы 7 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге хабарлама қалыптастырылады. Дәл осы мерзімде бидайды жөнелту жүзеге асырылуы тиіс, оның расталуы Тараптар клирингтік орталыққа ұсынатын түпнұсқа астық қолхаттарын қабылдау-беру актілері болады.

  

Сатушы мен Сатып алушы Клирингтік орталыққа Тараптардың міндеттемелерді орындауы туралы және мәміле бойынша толық төлемді Сатушының банктік шотына аудару туралы хаттар жібереді. Клирингтік орталық Шарттың мерзімдері мен талаптарының сақталуын бақылауды, сондай-ақ тараптар ұсынған барлық құжаттарды мұқият тексеруді жүзеге асырады. Барлық құжаттар дұрыс ресімделіп, мерзімінде берілген кезде сатушыға ақша аударылады. Клирингтік орталық сатып алушыға Сатушының банктік шотына ақша аудару туралы хабарлама қалыптастырады және жібереді.

 

Биржалық сауда-саттық қорытындылары бойынша есептеулерді мәміле тараптары Клирингтік орталықты айналып өтіп, тікелей жүргізе алады.

 

Алайда, Клирингтік орталықтың қатысуымен биржалық сауда-саттықты өткізу тіркелген мәмілелер бойынша міндеттемелерді жедел есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мәміле тараптарының міндеттемелерді орындауына кепілдік береді, сондай-ақ тауарларды сатып алу/сату кезінде кредиттік тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді.