24.02.2010
ЕСЖ Мерзімдік нарығына арнайы тариф бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушыларын қосу бойынша акция
Қайталанбас ұсыныс
1 ақпанан 12 наурызға дейін "Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасы ЕСЖ Мерзімдік нарығына арнайы тариф - мүшелік салым 300 000 теңгеге бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларын қосу бойынша акция жүргізеді.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ЕСЖ Мерзімдік нарығындағы сауда секциясына тек базалық активі тауар болып табылатын есептік фьючерс келісімдерімен ғана кіргізіледі.
Фьючерстік келісімдермен сауда жасаудың негізгі артықшылықтары:
- Мерзімдік келісімдермен (фьючерс, опцион) операция кезіндегі қолжетімді биржалық жиналымдар.
- Тәуекелдерді хеджирлеу мүмкіндігі. Тек мерзімдік нарық фьючерстік келісімнің базалық активін жағымсыз әсерден сақтандыруға мүмкіндік береді.
- Тауарға толық құнын төлеместен инвестиция салу мүмкіндігі мен тауарлар құнының өсуі мен олардың құнының төмендеуінен пайда табу мүмкіндігі.
- Мерзімдік нарықта несиелік көмек алу, споттық нарықта базалық активтермен сауда жасау кезіндегідей, күрделі процедураларсыз жүзеге асады. Ескертетін жайт, фьючерстік нарықтағы бұл көмек оған ұқсас споттық нарықтағы көмектен едәуір үлкен және арзан. Фьючерстік нарықта сіз, тауарға фьючерстар сату кезінде сіздің тауарлық депозиттеріңіздің көлемінен бес-алты есе көп позиция аша аласыз.