24.02.2010
Алматыда және Астанада АӨҚО Академиясының және ЕСЖ тауар биржасының бірлескен семинарлары өтуде
2010 жылдың басынан Қазақстанда "Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 Қаулысы күшіне енді. Бұл қаулы Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы заңдарына сәйкес бекітілген.
Тауар биржалары қызметкерлеріне қойылатын санаттық талаптар шегінде, сонымен қатар биржалық сауданы жүзеге асыруға брокерлік және дилерлік компаниялардың мемлекеттік лицензия алуы үшін, бағалы қағаздар нарығында жұмыс жасау бойынша курстар бітіру туралы куәлік болуы қажет және/немесе биржалық сауда ұйымы үшін үш жылда бір реттен кем емес курстар өтілуі тиіс.
Қайталанбас сұранысқа сәйкес бұндай курстар "АӨҚО Академиясы" қаржылық-басқармалы бизнес мектебі мен "Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасымен ұйымдастырылған. Семинарлардың аяқталған сәтінде "Биржалық сауда ұйымымен" мемлекеттік нысанда Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министірлігінің талаптарына сай сертификат беріледі (ҚР ИжСМ).
Аталған курстардың оқытушысы болып кәсіби машықталған, тауар биржасында басшылық және ұйымдастырушылық тәжірибесі бар Мұратов Бахыт шықты.
"Тауар биржасы жұмысын ұйымдастыру" оқу бағдарламасы 16 сағатқа есептелген. Бұнда биржалық нарықта жұмыс істеу үшін қажет ең маңызды бөлімдер кіргізілген. Бұлар: "Тауар биржасының негізгі түсініктері", "Фьючерстік келісім және оның ерекшеліктері", "Биржалық сауданы құқықтық реттеу", "Биржалық нарықта баға шоғырлануы", "Хеджирлеу", "Мерзімдік нарықтардағы қаржылық операциялар" және басқа да тақырыптар.
Курс қатысушылары теориялық сабақтардан басқа, ЕСЖ тауар биржасында тәжірибелік даярлаудан өтеді, биржаның сауда жүйелерінде тауарлармен және фьючерстік келісімдермен биржалық сауда-саттық жүргізуге қатысады. Оқытылмалы сауда-саттық нақты уақыт режимінде, нарықтық жағдайларға барынша жақын жағдайларда, қаржылық жоғалтулар тәуекелінсіз виртуалды мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Бір жағынан оқытылмалы сауда-саттық бастаушы трейдерлерге спот нарығында фьючерстермен сауда жасауда тәжірибе алуға көмектеседі, екінші жағынан, брокердің тауар биржасының әртүрлі секцияларындағы клиенттерге қызмет көрсету бойынша жұмысының бар технологиясын жөнге келтіруге мүмкіндік береді.
- 11-12 ақпанда "Тауар биржасы жұмысын ұйымдастыру" семинары Астана қаласында өтеді.
- Алматы қаласында семинар АӨҚО Академиясында айына екі рет өткізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін Клиенттермен жұмыс жасау Департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз
+7 (727) 244-57-80 (114) немесе электронды пошта бойынша ets@ets.kz.