Рейтинг@Mail.ru
Сейсенбі, 07.09.2010 20:03
Сауда-саттық қатысушыларына
Сауда-саттық технологиялары
Биржа мүшелері
Сатылатын тауарлар
Мерзімдік нарық
Сауда-саттық туралы ақпарат
Құжаттар
Клирингтік орталық
Биржа туралы
Жаңалықтар
 Баспа үшін нұсқа

12.01.2010

ЕСЖ тауар биржасы арқылы бидайды өткізу көлемі ұлттық жинаудың 13,5% құрады

ЕСЖ тауар биржасы жұмысының нәтижелері (2009 ж. 30 наурызынан 31 желтоқсанына дейін)

"Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасында саудаларды іске қосқан күннен бастап 2009 жылдың 30 наурызынан 31 желтоқсанына дейін контрактілерді жасаудың жай және мерзімді режимдерінде  жалпы сомасы 60 млрд 303 млн тенгеге ($407 млн.) мәміле жасалған.

Бидай бойынша сауда көлемі 60 млрд 175 млн теңгеге немесе 2 650 246 тонна бидайға жетті, бұл елдегі барлық бидай өндірісінің 13,5% құрады. Ұн бойынша сауда көлемі 127 951 000 теңге немесе 2 979 тоннаға жетті.

ЕСЖ споттық нарығының нәтижелері

Ауыл шаруашылық өнімдері секциясының тоғыз ай жұмысы ішінде бидай мен ұн бойынша сауда көлемі 162 мәміле немесе 2 557 480 тоннаға жетті, ол 58 млрд 2 млн теңгені құрайды.

ЕСЖ мерзімді нарығы секциясының нәтижелері

ЕСЖ жедел нарығы секциясының үш айлық жұмысы ішінде 3-ші және 4-ші санатты бидай бойынша саудалар көлемі 1 473 жасалған жеткізілмелі фьючерстік контрактіге немесе 95 745 тоннаға, 1 млрд 301 млн. теңгеге жетті.

"Еуразиялық сауда жүйесі" АҚ (ЕСЖ) 2008 жылы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы (АӨҚО) (акцияның 40,02 %) және   "РТС фондтық биржасы" ААҚ-мен (акцияның 59,42%) құрылды. Қосымша эмиссия шегінде 10 қыркүйек 2009 жылы ЕСЖ акцияларын ұстаушы ретінде "Тройка диалог Казахстан" АҚ (0,56%) кірді. ЕСЖ тауар биржасы биржа тауарларымен споттық және мерзімді саудаларды жүргізуге бағытталған. Биржада сауда Қатысушылары болып өнімнің соңғы тұтынушылары, сонымен қатар Иранда, Турцияда, Тәжікістанда, Қырғызстанда және Өзбекістанда клиенттік базасы бар   Ресей мен Қазақстан нарығының қатысушылары ішіндегі тауарлық және фондтық брокерлер. Биржа капитализациясы 10.8 млн АҚШ долларын құрайды. ЕСЖ тауар биржасы жұмысының басынан, осы жылдың наурыз айынан контрактілерді жасаудың жай және мерзімді режимдерінде 60 млдр 303 млн теңге сомасына мәмілелер жасалған. Барлық мәмілелердің  90 %-н  бидаймен байланысты сауда операциялары құрады. ЕСЖ жоспарлары бойынша – мұнай өнімдері, алтын және басқа да тауарлар бойынша споттық және мерзімді нарықта құралдарды іске қосу.        

(1$=148,22)

ЕСЖ жаңалықтар


Сopyright © ЕСЖ Тауар биржасы, 2008-2010 жыл. Осы сайтта орналасқан барлық ақпараттар және талдамалы материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қорғалған. Барлық ақпараттардың пайдаланылуы, таратылуы және жариялануы "ЕСЖ Тауар биржасының" алдын ала жазбаша рұқсатымен жүзеге асады.
Rambler's Top100
Байланыс орталығы (Сall-center): Алматы үшін 244-44-55, 8-800-080-05-05 Қазақстан бойынша тегін.
Телефон: +7 727 244-5780, Факс: +7 727 244-5779. E-mail: ets@ets.kz
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Достық даңғылы 136, "Пионер 3" Бизнес орталығы