18.01.2010
ЕСЖ сауда қатысушыларын лицензиялау
Биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялауды қарастыратын №1942 26.11.2009 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 1 қаңтар 2010 жылдан бастап күшіне енуіне байланысты, "ЕСЖ" Тауар биржасы" АҚ (Биржа) секцияларындағы саудаға брокерлердің кіруі тоқтыла тұрады.
Биржа секцияларындағы саудаға брокерлердің кіруі, Биржаға брокерлер нотариалды түрде расталған биржалық брокерлік/биржалық дилерлік қызметпен айналысуға құқық беретін лицензияның көшірмесін өткізген соң қайта қалпына келеді.
Биржа секцияларындағы саудаларға кіру тоқтатылған кезеңге абоненттік төлем брокерлерден алынбайды.