Биржа мүшелігіне қабылдау тәртібі
Заңнамада бекітілген талаптарға сай келетін заңды тұлғалар Биржа мүшелері бола алады. Биржадағы мүшелік санаттары, Биржа мүшелігіне кіру жағдайлары мен тәртібі, Биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, Биржада мүшелікті тоқтата тұру мен тоқтату жағдайлары мен тәртібі Биржаның ішкі құжаттарымен анықталады.
Биржа мүшелігіне қабылдау үшін талапкер Биржаның директорлар Кеңесіне Биржаның ішкі документтерінің талаптарына сай құжаттарды тапсыру керек.
Биржа мүшелігіне қабылдау туралы өтініш Биржаның ішкі құжаттарына сай директорлар Кеңесімен қаралады.
Биржада мүшелікті тоқтата тұру Биржаның ішкі құжаттарында көрсетілген жағдайларда Биржа мүшесінің өтініші бойынша жүргізіледі. Биржада мүшелікті тоқтата тұру Биржаның ішкі құжаттарына сай тәртіпті жүргізіледі.
Биржада мүшелікті тоқтату Биржа мүшесінің өтініші бойынша немесе директорлар Кеңесінің шешімі негізінде Биржаның ішкі құжаттарына сай жүргізіледі.
Мүшелігі туралы жағдай